Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

Фото: Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев. Stan.kz

Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғаны расталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлаған.

— 2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де тұлғаларды ұстады, — деп жазылған ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.