Мазмұнға өту
Бүгін

Іздеу

Сақталған мақалалар

Тек осы браузерде сақталады.

Психологиялық қолдау орталығының мамандарына SANA 360 журналы таныстырылды

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығының психологтарына «Саналы қоғам Академиясы» жанынан жарық көрген республикалық SANA 360 ғылыми-танымдық және ақпараттық журналы таныстырылды.

Кездесу барысында журналдың негізгі бағыттары мен мазмұны, сондай-ақ оны психологиялық-ағартушылық жұмыстарда, ата-аналармен кездесулерде және қоғамдық ортада тиімді пайдалану мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Мамандар журналдың мазмұнымен танысып, оның кәсіби қызметтегі маңызы мен тәжірибелік қолданысына қатысты пікір алмасты.

Сонымен қатар қатысушыларға Бірлестіктің қараша айына арналған «Мағжан көтерген мәңгілік мәселе»тақырыбындағы ақпараттық лекциясы таныстырылды. Лекция аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев шығармашылығының психологиялық қырлары қарастырылып, ақынның бала тәрбиесі, адамжаны, тұлға қалыптастыру және ұрпақ болашағы туралы ойларының бүгінгі қоғам үшін өзектілігіне назар аударылды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайту, психологиялық-ағартушылық бағыттағы ортақ бастамаларды қолдау және қоғамда саналы тәрбие мәдениетін дамыту.

«Сенімен Болашақ» РҚБ-ның негізгі миссиясымен сабақтас бұл жұмыс қоғамның жалпы жауапкершілігін арттыруға, азаматтық сана мен азаматтық жауапкершілікті дамытуға, саналы азаматтық қоғам мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Серіктестік пен ортақ ізденіс – саналы қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.

«Сенімен Болашақ» РҚБ

Қызылорда облыстық филиалы